18.09.08ТМРА – Ақтөбе облысы. Департамент қаулысымен «Бадамша-Сервис» КМК 350 айлық көрсеткіші көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 91-НҚ бұйрығының негізінде, “Бадамша-Сервис” МКК–да өткізілген табиғи монополиялар субъектілердің жұмыстарына жоспарлық тексеру барысында белгіленді, “Бадамша-Сервис” МКК 2007 жылда өзге жұмыстар бойынша қызметтер көрсетті: реттеу қызметтермен технологиялық байланысты, және де бір күнтізбелік жыл бойынша табиғи монополия субъектісінің барлық жұмыстарынан бес пайыз аспайтын технологиялық кірістерімен байланыс емес.Занмен рұқсат етілген, өзге жұмыстарға қызметтер көрсету бойынша әрекеттер жасау үшін “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңының (әрі қарай- Заң) 18-1 бабы 2 тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға осындай жұмыстар жасауға келісім беру туралы өтініш жолдауға және шешім қабылдау үшін қажетті ақпарат беруге міндетті. Бірақ, “Бадамша-Сервис” МКК уәкілетті органның келісімісіз, жоғарыда көрсетілген нормаларын бұзып, өзге жұмыстар бойынша қызметтер көрсетті.Осыған байланысты, жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша, бұл табиғи монополия субъектісіне қатысты “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (әрі қарай - ҚР ӘҚБ К) 147-5 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, осыған орай, қарау нәтижелері бойынша, Департаменттің 2008 жылғы 26 тамыздағы № 11 қаулысымен (заңды күшіне 2008 жылғы 06 қыркүйекте енгізілді) әкімшілік жаза түрінде 350 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде айыппұл тағылды, мемлекет пайдасына ол 408800 (төрт жүз сегіз мың сегіз жүз) теңге құрады. ҚР ӘҚБ 654 бабына және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 380-НҚ бұйрығымен бекітілген, “Табиғи монополиялар туралы ҚР заңнамасының бұзушылықтарын болдырмау, жою, және алдын алу мақсатында шешім қабылдау жөніндегі Нұсқаулықтардың” 25, 28 тармақтарына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жоғарыда көрсетілген іс бойынша тұжырымды шешім шығару сәттен бастап, “Бадамша-Сервис” МКК мекеніне әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға себеп болған, жағдайларды және себептерді үш күнтізбелік күн аралығында жою туралы сәйкесті ұсыныс жіберілді.