Шығыс Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу басқармасы табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуын бақылау жөнінде жүктелген өкілеттік рамкасында кінәлілерді оның бұзушылығына белгіленген заңмен жауапкершілікке субъектілерді тарта отырып белсенді түрде жұмыс жүргізуде. 2007 жылы қаңтарда ШҚО бойынша басқармасымен «Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы» 14 ұйғарым, әкімшілік іс бойынша 9 қаулы, оның 4 – еуі «Әкімшілік жаза туралы», 5 – «іс бойынша өндірісті тоқтату туралы», 1- «айыппұлды бөліп-бөліп төлеу туралы» енгізілді. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасының бұзылуына немесе міндетті аудиттің мүлдемге жүргізілмеген табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты (Теміржолсу-Аягөз» ЖШС; «Сары-Өлен» СПКВ; «Защита электр желілері» ЖШС; «Еңбек-Өскемен» РМК; «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ; «Су арнасы» Ақжар кәсіпорыны» МК; «ПП Төлеген» ЖШС) немесе («Ертіс су» «СПСТК»; «АЭС Бытсервис» ЖШС; «Семейавиа» АҚ) немесе өз уақытында жарияланбаған («ЖДВТС-Защита» ЖШС; «Өскемен жылу желілері» АҚ; «Теплокоммунэнерго» МКК; «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ).
Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейін бекіту кезінде есепке алуда кейбір табиғи монополиялар субъектілерімен 2007 жылы қаңтарда сатып алу Ережесінің 3-тармағының талаптары, шығындарды, табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін қызмет көрсетулерді Басқармаға өз уақытында ұсынбау бөлігінің бұзылуы. Бұған байланысты заңды бұзушылыққа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы 147-5 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырылды.
Мынадай субъектілерге қатысты: «Немере» ӨК» ЖШС; «Энергосервис» ЖШС; «Рябинина» ЖК; «Л-ТВК» ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 67 бабы негізінде әрекеттік өкінішке байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды. Көрсетілген субъектілер бірінші рет заңды бұзушылық жасады және ШҚО бойынша Басқарма істі қарағанға дейін Ереже талаптарына сәйкес құрылған тізбені, сонымен құқық бұзушылыққа келтірілген залалды түзеуге ұсынды.
Төменде көрсетілген субъектілерге қатысты әкімшілік істі қарау нәтижесі бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы енгізілді.
«Восток Проммонтаж» ЖШС – айыппұл түрінде 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Восток Проммонтаж» ЖШС заңды өкілдігі істі қарау уақыты, орны туралы ескертілсе де себепсіз түрде әкімшілік істі қарауда болмады. Іс заңды өкілдің қатысуынсыз қаралды және қаулының көшірмесі поштамен жіберілді.
«Бұқтырма Теплоэнерго» ЖШС – 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Бұқтырма теплоэнерго» ЖШС қаулыға өз құқығын қолданып Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне арызымен шағымданды. Сонымен көрсетілген субъект өз әрекетін әкімшілік құқық бұзушылыққа аз маңызды және кәсіпорынның ауыр қаржы жағдайына сілтемелейді.
«ЖДВТС-Защита» ЖШС – 350 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көрсетілген қаулы күшіне енгеннен кейін «ЖДВТС-Защита» ЖШС Басқармаға айыппұлды бөліп-бөліп төлеу туралы қолдау хатпен шағымданды. «ЖДВТС-Защита» ЖШС материалдық жағдайын есепке ала отырып (2006 жылдың қорытындысы бойынша залал 2942029 теңгені құрайды) айыппұлды бөліп төлеу үш айға белгіленген.
«Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ ірі кәсіпкерлік субъект ретінде 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы әкімшілік істе елеулі болып 2006 жылдың қаңтарында көрсетілген табиғи монопоилялар субъектісіне қатысты «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ Басқармаға 2006 жылғы тізбені құрып және ұсынбауына сәйкес, әлдеқашан ұйғарым енгізілген. Сонымен 2007 жылы «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ уәкілеттік талаптарына оны тоқтататын тұлғаларға қарамастан заңға қарсы әрекетін жүргізуді жалғастырды. Әкімшілік жауапқа тартылған көрсетілген субъектілердің бірде-бірі ШҚО бойынша Басқармаға Ереженің 3-тармағының 1-тармағының 8) тармақшасындағы талаптарына сәйкес тізбені ұсынбады. Берілген тізбенің көбінде мерзімі, сатып алу тәсілінің болмауы; оның кейбірі тігілмеген, нөмірленбеген, соңғы бетінде басшының қолы және кәсіпорынның мөрі тігілмеген.
Өз уақытында тізбені ұсынбаудың басты себебі құқық бұзушылардың түсіндірмелері бойынша оны ұсынудың қажеттілігі туралы мәлім болмауы. Осыған байланысты ШҚО бойынша Басқармасы 2007 жылдың 1 тоқсанында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметкерлерінің сатып алуға жауапты