06.03.07Монополистердің қызметі туралы есеп беруі: барлығы жайында сұрауға болады!
Табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгертулер енгізілді – енді кәсіпорындардың бірінші басшылары – табиғи монополистер тұтынушылар алдында қызметтері бойынша көрсетілген қызметтің сапасын жақсарту үшін нақты не жасағандары, бұған қандай қаржы жұмсалғаны, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі қандай, кәсіпорынның болашақтағы жоспары жайында жыл сайын есеп беруге міндетті.
Науқанды жүргізу мақсаты – барынша көп тұтынушыларды табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтердің үрдісіне барынша тарту. Субъектілер мен тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері туралы табиғи монополиялар субъектілеріне қатысты мемлекеттің саясаттың басымдығы уәкілетті орган қабылдайтын шешімі жөнінде ақпаратты тарату тарифті қалыптастыру үрдісінің ашықтығын, олардың қызметінің айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы міндетті жүзеге асыруда 11 ірі базалық табиғи монополиялар субъектілері Шығыс Қазақстан облысындағы тұтынушылар алдында 2006 жылғы жүргізілген жұмыс туралы 2007 жылы ақпан ішінде (23 ақпаннан бастап) жария тыңдау жүргізді, ал қалған 55 субъектілер наурыз бойы есеп береді. Есеп беру күнделікті әрбір күні жүзеге асырылуда. Есеп беру кестесі Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасымен жоспарланып бекітілген. Кәсіпорындар бұқаралық ақпарат құралдарында тыңдауды жүргізу күні және орны жөніндегі хабарландыруды міндетті тәртіпте жариялайды, мүдделілерді шақырады.
Әрбір жылдың басында халық алдында облыс, қала және аудан Әкімдері жергілікті атқарушы билікпен өткен жылғы орындалған жұмыс туралы есеп беруіне біз үйренгенбіз. Сөйтіп билік және азаматтық қоғамды жақындастыру қоғамды демократизациялау үрдісіне тарту саясаты жүзеге асырылуда. Сондай мақсатта монополистер үшін енгізілген жаңа міндет – олардың қызметі барынша ашық болуы керек! Коммуналды қызметті және табиғи монополиялар саласындағы басқа да қызметті тұтынушылар тарифтің жаңа деңгейін өзгертуге субъектілердің өтінімін қарау алдында жобаны талқылауға белсенді қатысады. Сондай-ақ, есеп беруді жүргізуге қоғам белсене қатыспайды. Бұл жаңа іс табиғи монополиялар қызметінің оның көкейтестілігіне қарамастан тұтынушылардың санасына керекті үн қосуды әлі таппады. Табиғи монополиялар субъектілері өзінің тұтынушылары алдында жыл сайынғы жария есебін қала және аудан әкімдерінің халық алдындағы есебі сияқты қызықты және қоғамдық маңызды үрдіс болатындығына Уәкілетті орган ретінде Басқарма сенеді.
Кәсіпорындардың есептерін тыңдауға және олардың қызметін талқылауға өздерінің құқықтарын қорғауға уақыт таба білетін белсенді зейнеткерлер келетіндігі тәжірибеде көрсетілді. 26 ақпанда Семей қаласында «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналды кәсіпорынның, 28 ақпанда «Өскемен жылу желілері» акционерлік қоғамының қызметтері бойынша есеп беру кезінде талқылау қызу өтті. Тұтынушылар («Поколение» қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен ерекше) көптеген сұрақтар қойылды солардың ішінде жүргізілетін жөндеу жұмыстары, жылу желілерінің пәтер иелері кооперативтерінің өзара температуралық кестені сақтауы. Көптеп қойылған сұрақтар алдағы тарифті өзгерту мәселесі болып табылады. «Жоқ, тарифті жоғарылату біздің жоспарымызға кірмейді!» деп есту тұтынушыларға қандай жақсы.
Өскемен қаласында ірі кәсіпорындармен «Өскемен-Водоканал» МКК, «Өскемен жылу желілері» АҚ, «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ, «АЕS Өскемен жылу электр орталығы» АҚ есеп беру тыңдалды.
Семейде «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей-Водоканал» МКК өз қызметтері бойынша есеп берді. Тұтынушылар алдында әлі көптеген табиғи монополиялар субъектілері есеп береді және Басқарма тұтынушыларды тыңдауға белсене қатысуға шақырады.
Халықтың толғандырып жүрген сұрағы болса кәсіпорын-монополистің бірінші басшысына тікелей қоюға шынайы мүмкіндігі бар. Бұл құқықты пайдаланып қалыңыздар!