Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 52-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Басқарма), басқарма бастығының 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 46-НҚ бұйрығымен бекітілген басқарманың 2007 жылға арналған жұмыс Жоспарына сәйкес басқарманың мамандарымен 2007 жылғы 16 сәуірден бастап 2007 жылғы 16 мамырға дейін “Оңтүстік-Орал темір жолы” ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның (бұдан әрі - “Оңтүстік-Орал темір жолы” ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК) қызметіне 2006 жылға табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын сақтауға байланысты жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс нәтижесі бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды:
1. “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңының 18-1-бабы 2-тармағын бұзуда Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның “Сумен жабдықтау және су тарту азаматтық имараттар дистанциясы” және “Петропавл дистанциясының № 18 жолы” филиалдарымен 2006 жылы басқарманың келісімінсіз өзге қызметтерді, яғни профилакторяларға, “Локомотив” стадионына, теміржолшылар мәдениет үйі, мойшаларға, полиграфия қызметтерін, үй-жайлар мен ғимараттарды жалға беру бойынша қызметтерін, техникалық стансаларға қызмет көрсету қызметтерін, автотұрақтарды, қонақжайларды, автокөлік (контейнеровоз) қызметтеріне, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асырды.
Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ға 2007 жылғы 30 мамырда уәкілетті органның келісімінсіз өзге қызметті жүзеге асыруды тоқтату туралы № 19 нұсқама шығарылды.
2. Есеп-фактураларын іріктеп тексеру нәтижесінде, Оңтүстік-Орал темір жолының “Теміржол көлігінің колледжі” КМКК және “Петропавлдың санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау орталығы” мекемесінде бөлек тұтынушылардан сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне уәкілетті орган бекіткен мөлшерден төмен ақы алғаны анықталды. Сонымен, реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға тең емес жағдайлар ұсынған, бұл Заңның 7-бабы 3) тармақшасын бұзу болып табылады.
Тексеру жүргізу кезінде осы бұзушылық жойылды. Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ға “Теміржол көлігінің колледжі” КМКК және “Петропавлдың санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау орталығы” мекемесінің 2006 жылғы мамыр айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде және 2007 жылдың 1 тоқсанына 363,943 мың теңге және 125,539 мың теңге сәйкес қызметтерге қайта есептеу жүргізу есеп-шоты қойылды. Төлемдер “Темірбанк” АҚ филиалында Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның есеп-шотына түсті (363,943 мың теңге сомасында 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 150-інші төлем тапсырмасы және 125,539 мың теңге сомасында 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 73 төлем тапсырысы).
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 қаулысымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайтылған мемлекеттік реттеу ережесінің 61-тармағын бұзуда Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның есептеу саясаты уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған. Тексеріс жүргізгеннен кейін Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның есептеу саясаты ағымдағы жылдың 17 мамырында басқармаға келісуге ұсынылды.
4. Тексеріс нәтижесінде Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-нің реттеліп көрсетілетін қызмет түрлеріне тарифтік сметалардың шығындарының баптарын орындауда сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне (Петропавл қаласы), жылу энергиясын беру, тарату және өндіру қызметтеріне (Булаев ст-сы), кірме жолдар қызметтеріне бекітілген мөлшерінен бес проценттен артықтығы анықталды, бұл осы қызметтерге уақытша өтемдік тарифтерді енгізу үшін негіздеме болып табылады.
Басқарма бастығының бұйрықтарымен Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның:
- тарату желілері бойынша суы беру қызметтеріне – 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2013 жылғы 30 маусым кезеңіне ҚҚС-сыз 1м3-қа 76,69 теңге мөлшерінде;
- ағынды суды бұру бойынша қызметтеріне - 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2028 жылғы 31 желтоқсан кезеңіне ҚҚС-сыз 1м3-қа 36,45 теңге мөлшерінде;
- жылу энергиясын беру, тарату және өндіру қызметтеріне - 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2010 жылғы 31 мамыр кезеңіне ҚҚС-сыз 1 Гкал-ға 1645,4 теңге мөлшерінде;
- кірме жолдар қызметтеріне – 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қоса алғанда 2008 жылғы 31 мамыр кезеңіне ҚҚС-сыз 1 ш.м. тәулігіне 2708,9 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тарифтер бекітілді.
5. Тексеріс нәтижесінде Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ның сумен жабдықтау және/немесе ағынды суды беру қызметтерін ұсыну бойынша жасасқан шарттарында “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңымен және ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194-інші қаулысымен бекітілген сумен жабдықтау және (немесе) ағынды суды беру қызметтерін ұсынуда үлгі шартқа сәйкес келмейтін шарттар бар, ал жылу энергиясын берудегі жсасақан шарттарында бір талай талаптары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген жылу энергияны пайдалану ережелеріне, “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңына және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне қайшы келіп тұр, бұл “Табиғи монополиялар туралы” ҚР 7-бабы 12) тармағына және 8), 12) тармақшаларын, 5-бабының 1-тармағын 5) тармақшасын бұзу болып табылады. Тексеріс нәтижесі бойынша Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-ге 2007 жылғы 30 мамырда №18 және № 20 жасасқан шарттарына өзгертулер енгізу туралы нұсқамалар шығарылды.
Оңтүстік-Орал темір жолы ФМБК РФ ХЖМ “Петропавл бөлімшесі” ЕК-нің қызметтеріне табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасы заңдарының басқа нормаларында бұзушылық анықталған жоқ.