Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 96-НҚ бұйрығына (бұдан әрі – Басқарма), басқарма бастығының 2007 жылғы № 46-НҚ бұйрығымен бекітілген басқарманың 2007 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 02-14-20/244-інші хатын орындауға байланысты басқарманың мамандары “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ның қызметіне табиғи монополиялар туралы 2006 жылға арналған Қазақстан Республикасының заң нормаларын сақтауға байланысты жоспарлы тексеріс жүргізді.
Тексеріс нәтижесі бойынша мынадай бұзушылықтар анықталды:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындарды ескерілетін сатып алу Ережелерінің (бұдан әрі – Сатып алу ережесі) 5-тармағын бұзып, “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ы 2006 жылы 2 043 395 теңге сомасына А-76 бензинді сатып алуды іске асырды, ол кезде “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ы президентінің 30.12.05 ж. № 122 бұйрығымен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындарды ескерілетін сатып алу Тізбесі ретінде (бұдан әрі – Тізбе) осы ресурс түрін сатып алуға бөлінген осы позиция бойынша максималды сома мөлшері 1 114 000 теңгені құрады. Бұдан басқа, “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ы “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңының 18-4-бабының 1-тармағын, 7-бабының 4) тармақшасын және 2006 жылғы Сатып алу Ережесінің 9-тармағын бұзып, “Аксесс Энерго № 2 ПЖЭО” ЖШС-дан 4 751 010 теңгеге, яғни тендер өткізбестен, 4000 АЕК сомасынан жоғары электр энегияны сатып алған.
2. Кәсіпорында 2006 жылдың басында 2006 жылғы 1 қаңтарда ХҚЕС-ке көшкен кезде “Фирма-Петропавловск – Экспертиза” ЖШС 2004 жылғы 28 шілдеде өткізген негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижелерін енгізген нәтижесінде негізгі құралдар бағасы көтерлгені тексеріспен анықталды. “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңының 7-бабының 10) тармақшасын бұзып, “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ның негізгі құралдарын қайта бағалау басқармамен келісілмеген.
3. Тексеріс барысында “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ның 60 % мөлшеріндегі пакет акциялары “Altyn Estate” ЖШС-дан сатып алынған, ол кезінде “Vip Avia” ЖШС-да (Латвия) болған, бірақ “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңының 18-1-бабының 2-тармағын бұзып, “Altyn Estate” ЖШС-ы алдын ала уәкілетті органға ақпарат жібермеген. “Петропавл қаласының халықаралық әуежайы” АҚ-ның ағымдағы жылдың 20 маусымдағы тексеріс қорытындыларының анықтамасы басқармамен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жіберілді.