09.11.07Павлодар облысы -ТМРА қортынды баспасөз-конференция өткізеді
«Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
Павлодар облысы бойынша басқармасының анықталған табиғи монополия субъектілерінің заң бұзушылықтары мен техникалық шарттарды беру және қосымша қуаттарды қосу мәселелері жөніндегі заңнаманың тұтынушылардың құқығына қатысты бөлігін түсіндіру туралы шешімдері» тақырыбына арналған баспасөз-конференциясына
АҚПАРАТ
Ағымдағы жыл ішінде табиғи монополия субъектілерінің қызметтерін бақылау жөнінде жұмыс жүргізу барысында олардың атына анықталған заңнаманы бұзу фактілері бойынша 17 нұсқама жіберілді. Бүгінгі күнде олардың 7 орындалды, 9 сотта қаралу үстінде, 1 нұсқама сот шешімі бойынша қайтарылып алынды.
Басқарма 7 талап арызды сот органдарына жіберді. Олардың 3- қанағаттандырылды, 1- қабылданған жоқ, 3 – қаралу үстінде.
Табиғи монополия субъектілері сот органдарына Басқарманың үстінен 4 талап арыз берді. Олардың 3 шешімі Басқарма пайдасына, процесстердің біреуі бойынша шешім субъекті пайдасына қабылданды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы 9 хаттама жасалып, 4 субъекті бойынша барлығы 3945500 теңгеге әкімшілік өндіріп алу туралы қаулы шығарылды.
Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы №1044 қаулысымен бекітілген Электр энергетикасы ќондырєылары объектiлерiн ќайта жаѕарту мен кеѕейту їшiн ќосымша ќуаттарды ќосу жјне шыєындарды ґтеу ережесiнде ќосымша ќуаттарды ќосу ақылы негізде қарастырылған.
Ќосылатын ќуаттыѕ бiрлiгiне тґленетiн тґлемнiѕ мґлшерi жергілікті атқару органдарында бекітіліп және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде, табиғи монополиялар қызметін реттеу жөніндегі органдарда келісілетін Ќалалардыѕ, аудандар мен облыстардыѕ жылу жјне электр желiлерiн дамытудыѕ бекiтiлген жоспарыныѕ негiзiнде аныќталады.
Қуаттарды қосу Энергия берушi ўйым мен тўтынушы арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2007 жылғы 21 ақпандағы №54-НҚ бұйрығымен бекітілген Жалпы пайдаланылатын энергия тасымалдау желілерін кеңейтуге және қайта жаңартуға арналған энергия беруші ұйымның шығындарын қайтарымды негізде өтеу ережесіне сәйкес қаражатты тўтынушыларєа ќайтару шарт бойынша тұтынушы ақшалай қаражатты аударған айдан кейінгі 37 айдан бастап ай сайын тең үлестермен жүргізіледі.
Өткен жылдан бастап осы уақытқа дейін біздің Басқармаға және басқа мемлекеттік органдарға энергия беруші ұйымдардың техникалық шарттарды беру және қосымша қуаттарды қосу мәселелері жөніндегі әрекеттеріне - өтініштерді қарау мерзімдерін ұзаққа созуларына, өтініштерді жауапсыз қалдыруларына, техшарттарды бермеулеріне, техшарттарды беру үшін ақы талап етулеріне - шағымдар келіп түсуде.
Ең басты проблемалардың бірі, энергия беруші ұйымдардың аталған өтініштерді әдейі тіркеусіз қалдырулары. Кейін шағымды қарау барысында өтініш иелері оларға өтініш бермеген сияқты болып шығады. Екінші бір проблема, бұл субъектілердің берілген ақпараттың толық еместігін, бұл мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін қосымша уақыттың қажет екендігін сылтаулатып өтіштерді қарау мерзімдерін ұзаққа созулары.
Қолданыстағы заңнама бойынша Басқарма өтініштерді қарау мерзімдерін ұзаққа созу фактілері бойынша шара қолдану мүмкіндігіне ие емес. Прокуратураға, оның жоғарыда аталған ұйымдарға, нәтижесінде заңнамадағы кейбір олқылықтарды анықтағанын есептемегенде, маңызды заң бұзушылық фактілері анықталмаған тексеріс жүргізгендігіне байланысты бұл фактілер мәлім.
Техшарттарды беру рәсімі бұл орайда тағы да бір маңызды бөгетті көрсетті: энергия беруші ұйымдарда қаралған өтініштер, энергия беруші ұйым болмай тұрып энергия беруші ұйымдардың акционерлері атынан осы мәселелерді бақылайтын «Павлодарэнерго» АҚ-ға келісімге жіберіледі. Бұл жерде Басқарма аффилирленген компаниялардың келісіп істейтін әрекеттерін көріп отыр.
Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Басқарманың бастауымен мүдделі мемлекеттік органдардың, Мемэнергоқадағалау, облыстық және қалалық Мәслихаттар депутаттарының, табиғи монополия субъектілерінің қатысуымен «үстел басы әңгіме» өткізілді.
Техникалық шартты беру және қосымша қуаттарды қосу аясындағы өзекті мәселелерді талқылау барысында «үстел басы әңгімеге» қатысушылар осы мәселелерді қарау жөнінде комиссия құру туралы ұсынысты қолдаған болатын. Біздің көзқарасымыз бойынша бұндай комиссия техникалық шартты беру рәсімін, мемлекеттік органдар мен қызмет көрсетушілердің бірлескен әрекеттерін, қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстардың әзірленуін тәртіпке келтіруге ықпал етіп, ең бастысы белгілі бір шағымдар мен өтініштерді қараумен айналысар еді. Тұрақты комиссия құру жөніндегі ұсынысын Басқарма жергілікті атқару органдарына жіберілді.
Техникалық шарттарды беру және қосымша қуаттарды қосу жөнінде шарттар жасасу мәселелері бойынша заң бұзушылық фактілері бойынша Басқарма тарапынан 7 нұсқама шығарылды, әкімшілік заң бұзушылық туралы 2 хаттама жасалып, сотқа техникалық шартты еріксіз бергізу туралы 3 талап арыз берілді. Шығарылған нұсқамалардың екеуі орындалды, бір нұсқаманы орындау мерзімі әлі өткен жоқ, қалғандары, бұған дейін айтылғандай сот органдарында қаралуда.