English Қазақша Русский
БастығаСайт картасыОблыстар бойнша пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
 
 
Мемлекеттік органдардың веб- сайттары




Жаңалықтар мұрағаты
 2026 
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
25262728293031
 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі мынандай мазмұндағы хабарландыруды жариялауды сұрайды: «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінім бойынша 2008 жылғы 18 қырқүйекте сағат 16.00 Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 14, № 606 кабинетте тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Тыңдауға депутаттар, мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, табиғи монополия субъектілері, оның қызметтерін тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктері шақырылады».
 
Орталық аппараттың жаңалықтары

26.12.05   
    Тарифтік резонанс
    Мемлекеттік органдар, монополист компаниялар, қоғамдық ұйымдары өкілдерінің және тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен Астана қаласында Мемлекеттік реттеу мен тариф түзуді жетілдіру жөнінде екінші форум өтті.
    Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ашық саясат жүргізу бастамасы осылай іске асып отыр.
    «Ашық алаңда ашық сұхбат» атты девизбен екі ай бұрын өткен бірінші Форумның нәтижесі бойынша кәсіпорындардан Агенттікке 50 астам ұсыныстар түсті.
    Олар тарифтер және оларды есептеу әдіснамасын бекіту тәртібі туралы өзекті мәселелерді қозғады. Өзінің сөзінде Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Н. Алдабергенов өтінім беру компаниясын ұйымдастыруда таяу арада болатын өзгерістер туралы айтты. Келесі жылдан бастап монополистер нақты бір күнге бағыт ұстамай (бұрын ол бірінші сәуір және бірінші қазан болатын) жылына бір реттен жиілетпей тарифтер қарау туралы өтініш жасай алады. Мұндай көзқарас неғұрлым прогресивті болып саналады және шет елдердің оң тәжірибесіне негізделген. Алайда Агенттік басшысы Бақытжан Сағынтаев «бұл дұрыс деп кесіп айтуға болмайды» деп байқады:
    - Мен тариф бірінші қаңтардан бастап бекітілуге, ал қарау мерзімі, мысалы, бір жыл болуға тиіс деп есептеймін. Осы уақыт ішінде тараптардың пікірлері мен дәлелдемелерінің барлығын тиянақты талқылауға, зерделеуге болады. Шұғыл шешім қабылдаудан бас тарта отырып, тұтынушылардың да мүдделерін, табиғи монополиялар субъектілерінің де талаптарын қанағаттандыратын шешімдер қабылдауға келуші едік.
    «Субъектілердің» өздері жаңа өзгерістермен келіссе де, қазіргі кезде көптеген жағдайларда «өтінімдерді қарау кезінде шамалы төрешілдік көзқарас үстемдік етеді» деп шағымданды:
    - Бізге барлық көрінетін және көрінбейтін сылтаулармен бас тартуға бағытталған рәсімдер бар, - деп атап өтті «KEGOC» вице-президенті Алмасадам Сатқалиев.
    Дегенмен кейбір «техникалық» кемшіліктер ТМРА-ның сіңірген еңбегін алып тастамайды. Табиғи монополия саласын реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы – ТМД-да ең сапалы. Бұл жергілікті де, шетелдік те мамандардың пікірі. Форумға қатысушылардың басым көпшілігі Достастықтың бүкіл кеңістігінде жаңа нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырумен айналысатын жұмыс тобын құру қажеттілігімен келісті.
    1991 жылы Монополияға қарсы комитетті құру басында болған Тауар өндірушілер мен сарапшылар одағының президенті Николай Радостовец Агенттік жұмысының жоғары деңгейін атап өтті. Сарапшы сондай-ақ ТМРА қызметінің аясын кеңейтуді ұсынды:
    - Бізді тарифтердің өсуі тауар-материалдық құндылықтарға арналған шығыстар нормаларының, еңбекті пайдаланудан туындайтын өзгерістермен байланысты болуы өте алаңдатады. Әдетте, Агенттік қабылдаған шешімдерінен шыға алмай қалады. Агенттікке нормалау жөніндегі функцияларды беру жөніндегі мәселені қою керек... Басқа елдерде нормалаумен реттеушілер деп аталатын монополияға қарсы ведомстволар айналысады. Табиғи монополиялар субъектілеріне лицензиялар беру олардың айрықша құзыреті болып табылады. Біз осындай өркениетті практиканы Қазақстанда да көргіміз келеді. Салалық министрліктер жалпы әлемдік стандарттарға көшуді дұрыс қабылдауға тиіс.
    ТМРА-ның төрағасы қонақты жалпы қолдады, ал монополист-компаниялардың өкілдері болса абайлық танытып отырды. Көп ұзамай қоғамдық талқылау дәстүрлі өзара кінә қою және наразылық білдірумен пікірсайысқа айналды. Монополистерге өздерінің жабдықтарын жаңартуға ниет білдірмей отырғанына орай айып тағылды. Осының салдарынан едәуір нормативтік-техникалық ысыраптар болады. «Айыптылар» жабдықтарды жаңғыртуға қызметтерге тарифтер көтеру түрінде «қаржылық ынталандырудың болмауымен» ақталды. Дегенмен бірде бір қатысушы ең бастысы: тараптар бір бірін тыңдай бастады, ал ымыра мүмкін әрі оған жетуге болатынын жоққа шығарған жоқ. Ал оған жетуге осындай кездесулер көмектеседі.
 
Светлана Антончева, «Казахстанская правда», 22 желтоқсан

«« | »» «  | 


02.07.08 Бүгін, 2008 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төр...
27.06.08 Бүгін 2008 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігімен (ТМРА) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша алқа мәжілісі өтті. Күннің екінші жартысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындауды насихаттау және де оны қолдану аясын арттыру мақсатында ТМРА Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігінің, Әділет министрлігінің және аумақтық департаментерінің өкілдері қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
05.06.08 Ақтөбе облысы – ТМРА Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды.

Облыс орталықтарындағы тарифтер 01.09.2008

Қалалар

жылу-ақы 1 кв.м

ыстық.
су тариф
(м3)

суық.
су тариф
(м3)

жарық

Астана

65,49

113,02/90,38

23,15

5,42

Алматы

37,17

177,09

19,14

8,02

Ақтау

44,89

130,18

183,13

4,03

Атырау

45,12

83,95

19,86

3,39

Ақтөбе

52,04

99,35

24,95

6,75

Қарағанды

56,35

175,92

41,17

3,82

Қостанай

85,58

162,83

25,93

7,44

Қызылорда

57,09

 

24,35

7,13

Көкшетау

63,39

111,95

32,12

6,99

Орал

60,56

104,91

16,19

4,94

Өскемен

36,01

129,68

15,42

4,89

Павлодар

38,07

77,98

16,95

5,46

Петропавл

63,47

105,77

20,87

6,19

Тараз

58,81

136,44

12,43

7,90

Талды-қорған

26,50

116,49

24,79

8,14

Шымкент

69,23

225,43

35,40

7,73

Веб сайты международных партнёров





ПРООН/ГЭФ

  Қандай мақсатпен біздің сайтқа кірдіңіз ?
жаңалықтар білуге
кәсіптік қызығушылықпен
мен қызметтерді тұтынушымен
Жаңалықтарға жазылу
E-Mail: 
введите число,
указанное на картинке
Отказаться от подписки

Ұсыныстар үшін жәшік
regulator@regulator.kz

Наш адрес :
Республика Казахстан индекс: 010000
г. Астана ул. Букейхана 14
Тел.: 591637 Факс: 215473
E-mail: info@arem.kz
Copyright © 2005 -2007 All Rights Reserved
Developed by ISD