Бүгін, 22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің, табиғи монополия субъектілерінің, ТМРА аумақтық органдарының өкілдері қатысты.
Алқа мәжілісінде Агенттіктің 2007 жылғы қызмет қорытындысы шығарылды және 2008 жылға арналған міндеттері белгіленді.
Агенттіктің 2007 жылғы қызметінде барынша елеулі оқиға Мемлекет басшысының 2007 жылғы 19 маусымдағы салалық реттеушілерді қалыптас-тыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығының қабылдануы болды. Агенттік экономиканың инфрақұрылымдық салаларының реттеушісі болып белгіленді.
Осыған байланысты Агенттік Шаралар кешенін әзірледі және оларды Үкімет бекітті, ол мыналарды:
- бірінші, «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын әзірлеуді;
- екінші, жылумен жабдықтау жүйесін дамыту жөніндегі шаралар кешенін қалыптастыруды және іске асыруды;
- үшінші, реттеуге әдіснамалық көзқарастарды дамытуды көздейді.
Тұтастай алғанда Агенттіктің Шаралар кешенін іске асыруы мыналарды:
субъектілер қызметінің тиімділігін тозығы жеткен өндірістік активтерді жаңғыртуға және кәсіпорындарды басқару (менеджменттің) сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру арқылы арттыруды;
уәкілетті органның орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған инвестициялық бағдарламаларды кем дегенде елу субъектіге бекітуін;
орта және ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындардың санын жиырма субъектіге дейін көбейтуді;
тарифтерді белгілеу кезінде өңірлік электржелілік компаниялар болып табылатын субъектілерде пилоттық жоба ретінде салыстырмалы талдау (бенчмаркинг) әдісін қолдануды;
апаттардың санын азайтуды және субъектілер ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.
Инфрақұрылымдық реттеуші ретінде Агенттік «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» және «Электр энергетикасы туралы» заңдарға принципті өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, электр энергетикасында бәсекелестікті дамыту мақсатында:
- барлық тұтынушылардың ашықтық және теңдік негізде электр энергиясын тұтыну көлемдеріне тепе-тең Солтүстік- Оңтүстік транзиті өткізу қабылетінің тарату тәртібі қайта қаралды;
- тұтынушыларда Электр энергиясының бөлшек нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесінде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы жөніндегі талаптар алып тасталды;
- Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте кемсітушілік, желіге бірдей қол жеткізбеу фактілері анықталған жағдайда, табыстың 3% мөлшерінде айыппұл түрінде санкция көзделеді.
Тарифтік реттеудің әдіснамалық және нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру, еліміздің экономикасын дамытудың барабар деңгейі мен оның өсуі бойынша міндеттері үшін Агенттік 2007 жылы 7 Әдістеме, 8 Ереже, 3 Үлгі шарт әзірледі, 11 Ереже мен 2 Әдістемеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Осыған байланысты есеп беріліп отырған кезеңде Агенттік тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен 120 субъектіде нормативтік ысыраптың деңгейін төмендетті. Бұл шара тарифтердің деңгейіне осы факторды қолдану күшін әлсіретуге мүмкіндік берді, өйткені тарифтердің құрылымында нормативтік техникалық ысырап 50%-ға дейінді құрайды.
2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке алу құралдарымен жарақтану: суық суды жеке есепке алу құралдары бойынша - 58,3%-ды, ыстық су - 57,7%-ды, жылу энергиясын үйдегі ортақ есептеу құралдары бойынша - 14%-ды құрайды.
Есептеу құралдарын орнату кезінде суық және ыстық су бойынша үнем 40%-ға, жылу бойынша 20%-ға дейін жетеді.
Агенттіктің 2007 жыл ішіндегі қызметінің қорытындылары бойынша табиғи монополиялар субъектілері 757 тарифті бекітуге 401 өтінім берген болатын, олардан 452 тариф қабылданған жоқ. 276 тарифті қараудың нәтижесі бойынша: 70 тариф - қолданыстағы деңгейде қалды; төмендетіліп - 17 тариф бекітілді; көтеріліп - 218 тариф бекітілді.
Доминант-субъектілерден тарифтерді көтеру туралы 92 хабарлама түсті. 63 хабарлама бойынша олардың негізсіздігі себепті бағаларды көтеруден бас тартылды, не субъекті бас тартты.
Агенттік және оның аумақтық органдары үстіміздегі жылға бірқатар міндеттер белгіледі:
1. «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу;
2. Энергиямен жабдықтау жөнінде есептеу құралдарын орнатуды аяқтау, техникалық ысыраптарды нормалау және энергиямен жабдықтауды насихаттау жөнінде жаңа көзқарастар қолдану бөлігінде іс-шаралар жүргізу.
3. Мемлекеттік реттеудің нормативтік құқықтық базасын дамыту.
4. ЕҚДБ сарапшылары ұсынған тиімділік факторын қолдана отырып, салыстырмалық талдаудың реттеу әдісін практикаға енгізу.
Анықтама үшін:
Қазіргі уақытта Агенттік Табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік тіркелімінің республикалық (42 субъекті) және жергілікті (965 субъекті) бөлімдеріне енгізілген 1 007 табиғи монополия субъектісінің қызметін реттейді.
Барлық табиғи монополиялар субъектілерінің 80%-дан астамы өз қызметін су кәрізі жүйелері (561 субъекті) мен электр- және жылу энергиясы (359 субъекті) салаларында жүзеге асырады.
Түпкілікті баға құрылымындағы Агенттік реттейтін үлестік салаларда: жылумен жабдықтау - 100%-ды, сумен жабдықтау - 100%-ды, темір жол көлігінде - 46%-ды (доминанттардың - 100%-ы ескерілген), энергетикада - 40%-дан кем (доминанттардың - 60%-ға жуығы ескерілген), газбан жабдықтауда - 17-18%-ды (доминанттардың - 35%-ға жуығы ескерілген) құрайды.
Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Агенттік республика бойынша 328 доминанттарды реттейді.