05.02.08ТМРА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы – энергия үнемдеу және инвестбағдарламаларды орындау мәселелері жөнінде “дөңгелек үстелдегі” диалогын жалғастырады.
2008 жылғы 31 қаңтарда ТМРА тапсырмасын орындауға байланысты және энергия үнемдеуді насихаттау мақсатында, ТМРА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы О.Пономарев Петропавл қаласы С.Мұқанов атындағы кітапханасының баспасөз-орталығында “дөңгелек үстелдің” кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібі: 1) 2007 жылға арналған инвестициялық бағдарламаларының орындалуын және базалық ТМС нормативтен тыс ысыраптарын төмендетуді талдау; 2) энергия үнемдеудің экологиялық аспектілері. Отырысқа: ҚР Парламентінің қоғамдық палатасының депутаты С.Г.Худяков (ПИК Ассоцияциясы), энергия үнемдеу және экология жөніндегі БҰҰ сарапшысы В.Жильцов (Алматы қ), Петропавл қаласы маслихатының хатшысы Р.Сыздықов, энергетиканың базалық кәсіпорындарының басшылары, қалалық маслихатының депутаты А.Мишин, ПИК төрағалары, меморгандардың, кәсіпорындардың және БАҚөкілдері қатысты. О.Пономарев есептеу құралдары жоқ тұтынушылардан 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне төлемақы алу жөніндегі ТМРА-ныңкөзқарасын айтты. “Аксесс Энерго” ЖШС және “Петропавл су” АҚ кәсіпорындар басшыларының инвестбағдарламаларының және нормативтен тыс ысыраптарды төмендету жұмысының орындалуы жөніндегі баяндамалары, сондай-ақ № 2 ПЖЭО үшін бірнеше энергия үнемдеу іс-шараларын, яғни отынды үнемдеуге байланысты Есілден күннің көзіне жылынған суды алу; Чижевскийдің люстра әсерінің пайдалануы арқылы күлсіз таза қожды алу; химиялық су тазартудың арзанырақ әдісінұсынған В.Жильцовтың баяндамасы тыңдалды. Отырыстың пікірсайысы № 2 ПЖЭО үшін жаңа күл үйіндісін салуға байланысты қаражат табу және жалпы есептегіш құралдарын орнатқан кезде тұтыну көлемінің төмендеуіне байланысты тарифтерді көтеру перспективасы жөніндегі мәселелері болды. Отырыс қорытындылары бойынша шешім қабылданды: 1) табиғи монополиялар субъектілерінеинвестициялық бағдарламалар шегінде энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды көрнекі етіп көрсету міндеттелсін; 2) Солтүстік Қазақстан облысы үшін энергия үнемдеу бағдарламасын облыстық деңгейде әзірлеу және қабылдау туралы ұсынысымен облыстық әкімдікке қолдаухат жіберілсін.