13.02.08Павлодар облысы бойынша Басқарма «Алға А» АҚ тексеру барысында табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылық анықтады.
Павлодар облысы бойынша Басқарма «Алға А» АҚ-ның қызметіне табиғи монополиялар туралы заңнаманың сақталуы тұрғысынан жоспарлы тексеру жүргізді. Аталмыш субъекті Павлодар облысы бойынша ТМС Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде жылу энергиясын өндіру қызметі бойынша тіркелген.
«Алға А» АҚ тексеру барысында қолданыстағы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
1. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 5-бабының 2-тармағын және18-1-бабының 2 тармағы бұзылған. Атап айтқанда, уәкілетті органның келісімісіз локомотивтерді жөндеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру, коммерциялық ұйымның қызметіне қатысу.
2. «Алға А» АҚ реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзбейді. Бұл, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 7-1) тармақшасын бұзу болып табылады;
3. «Алға А» АҚ дайындалып және белгіленген тәртіпте келісілген Қызметтердiң түрлерi бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу әдістемесі жоқ. Бұл, «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 18) тармақшасын бұзу болып табылады;
4. «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 4-бабының 1-тармағының12) тармақшасына сәйкес кәріз жүйелерінің қызметтері табиғи монополиялар аясына жатады. 2006 жылғы 14 наурыздағы№ 155 ҚР Қаулысымен сарқыма суды тазалау жөніндегі қызмет Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізімдемесіне енгізілді.
«Алға А» АҚ аталған қызмет бойынша Павлодар облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде жоқ. «Алға А» АҚ сарқыма суды тазалау жөніндегі қызметті жүзеге асыра отырып, қызметтің осы түрі бойынша Павлодар облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізу жөнінде уәкілетті органға өтініш берген жоқ. Бұл жерде ол, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 наурыздағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару ережесінің 6-тармағын бұзған. Жоғарыда аталған ережелерге сәйкес, табиғи монополиялар аясына жатқызылған қызметтерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы қызметтерді жүзеге асыра бастаған күннен бастап 15 күн ішінде уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің тіркеліміне енгізу жөнінде өтініш береді.
5. Сатып алуды «Алға А» АҚ тендер жарияламастан жүзеге асырады. Бұл жерде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиєи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтi және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға міндеттейтін «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-бабының 4) тармақшасы бұзылған.
Анықталған барлық табиғи монополиялар туралы заңды бұзу фактілері бойынша Басқарма оларды жою жөнінде нұсқама жіберді. Сондай-ақ, «Алға А» АҚ-ға әкімшілік жауапкершілікке тарту ретінде 1752,0 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.