Құрамында ураны бар рудаларды барлау, өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі қызметті Агенттікпен келісу қажеттілігі, сондай-ақ осы ЖШС-нің өзге де заңды тұлғалардың қызметіне қатысу мүмкіндігі туралы
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық заңнаманың нормалары олардың сөздік көрінісіндегі дәл мағынасына сәйкес түсіндірілуге тиіс.
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 18) тармақшасымен табиғи монополия субъектісі табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға болып анықталды.
Сонымен, табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру алдында оған Заңда белгіленген шектеулер, міндеттер, сондай-ақ бақылау қолданылатынын атап өту қажет.
Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасымен айқындалған шектеулер табиғи монополия субъектісіне қызметтер көрсетуге және реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты Қазақстан Республикасының почта туралы заңнамасында белгiленген табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен табыстар рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде түскен табыстардың бiр пайызынан аспаған жағдайдағы; бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде өзге қызметтiң табыстары табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес пайызынан аспаған жағдайдағы және табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға тыйым салуды көздейді.
Бұдан басқа Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеулердің шеңбері мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және Заңмен табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге де түрде қатысуға тыйым салуды қамтиды.
ЖШС-нің өтінішінен табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін «Кен руда компаниясы» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмайтыны және табиғи монополиялар салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуден түскен табыстар құрамында ураны бар рудаларды барлау, өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі қызметтен түскен табыспен салыстырғанда кем дегенде 1%-ды құрайтыны қаралады.
Осыған байланысты Заңның 18-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым келтіруді не тиісті тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес рыногының жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеуді болдырмау мақсатында уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің Заңда рұқсат етілген өзге қызметті жүзеге асыруына бақылауды жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісіне Заңмен рұқсат етілген өзге қызметті жүзеге асыру және мәмілелер жасау үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға осындай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы өтінішті ұсынуға және шешім қабылдауға қажетті ақпарат беруге міндетті.
Өтінішті беру құжаттарының тізбесі, оларды ұсыну мен қарау тәртібі Агенттіктің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесімен және Агенттіктің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 71-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесімен айқындалған.
Баяндалғанды ескере отырып, ЖШС-не Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес құрамында ураны бар рудаларды барлау, өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі қызметті келісуге тиіс.