Алдабергенов Нұрлан Шәдібекұлы - Агенттік төрағасы
1962 жылы 19 қараша Алма-Ата қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Білімі: Алма-Аты сәулет-құрылысы институтың, В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік - құрылыс институтын (Мәскеу 1988, аспирантура); Д.А.Қонаев атындағы универститетін (Алматы, 2005) бітірген; инженер-құрылысшы, заңгер, экономика ғылымының кандидаты.
1996 жылдан – Алматы қаласындағы Табиғи монополияға қарсы және баға саясат комитеті төрағасының орынбасары. 1999 жылдан Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Алматы қаласы бойынша департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдан Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігі төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қантар айынан Қазақстан Табиғи монополияларды реттеу Агенттігіның төрағасы.
Александр Александрович Конопляный – Агенттіктің жауапты хатшысы
1975 жылы 24 наурызда Целиноград қаласында туған. Орыс. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің экономика факультетін аяқтаған (1997), инженер – экономист, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің заң факультетін бітірген (2000 сырттай), заңгер.
1998-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің труба құбырлары көлігі бөлімінің жетекші, бас маманының, бөлім бастығының, мұнай және газ басқармасы бастығының орынбасары - бөлім бастығының қызметін атқарды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің инфрақұрылым және өндірістік сала бөлімінде консультант қызметін атқарды. 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы болды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Хатшылық меңгерушісі қызметін атқарды. 2007 жылы қарашадан бастап осы уақытта Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде жауапты хатшы болып жұмыс істейді.
Смағүлов Қайрат Молдрахманұлы - Агенттік төрағасының орынбасары
1951 жылы 18 тамызда Алматы каласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген, инженер-электрик.
1970 жылдан – Алматы қаласы ДОСААФ Республикалық теңіз клубының дизелисті - электромеханик, «Қазақфильм» киностудиясының жұмысшысы – жарықтандырушы. 1978 жылдан 1986 жылға дейін мынадай лауазымда болған: «Қазглавэлектроснабсбыт» кабель өнімі бөлімі бастығының орынбасары, сорғы, компрессорлар және тоңазытқыштар орнату бөлімінің бастығы «Қазглавтяжмаша» Мемлекеттік жабдықтау Қаз КСР. 1986 жылдан – ҚКСР МЖ біріккен кәсіподақ комитетінің төрагасы.1988 жылдан ҚСРО МЖ парткомының хатшысы.
1991 жылдан – Қазақстан Республикасы Президент аппаратының халық шаруашылығы және нарық қатынастарының экономикалық даму референтурасының референті.1991 жылдан 2004 жылға дейін республика аралық байланыстар және ресурстық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, Жиынтық экономикалық бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚазКСР Президент аппараты және Қаз КСР Министірлер кабинеті экономика саясаты бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1994 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Министірлер кабинетінің істер басқармасы Жиынтық экономикалық бөлімінің меңгеруші бөлімінің бірінші орынбасары. 1994 жылғы қарашадан Қазақстан Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары. 1996 жылғы шілдеден Қазақстан кәсіпкерлер конгрессының бірінші вице-президенті, вице-президент. 1996 жылғы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің ұйымдастыру бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 1997жылғы Басшылық орынбасары, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қенсесі Басшылығының бірінші орынбасары. 2002 жылдан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсе Басшысының орынбасары 2007 жылғы наурыздан Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
Мұрат Мағауияұлы Оспанов - Агенттік төрағасының орынбасары
Мұрат Мағауияұлы 1967 жылы 8 мамыр күнi Алматы қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар – инженер-механик және экономист. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына сайланған. 2002 жылдан бастап Семей қаласы Әкімінің орынбасары, 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сатып алу облыстық басқарманы басқарып, мемлекеттік қызметінде жұмыс істеген. 2005 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы болған. 2008 жылдың қантар айынан - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігі төрағасының орынбасары
Құдайбергенов Ескендір Копбосынұлы - Агенттік төрағасының орынбасары
1976 жылы 23 қыркүйекте Алматы облысының Қапчағай каласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.
Аль-Фараби (1997) атындағы Қазақ мемелекеттік Ұлттық университетін бітірген, заңгер.
1997 жылдан 2001 жылға дейін –Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының маманы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот аппараты қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты аппаратының қенсе ісін жүргізу және бақылау бөлімінің референті, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының, сот Алқасының кенесшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотың, сот Алқаның қылмыстық іс кенесшесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Президиум мүшесінің уақытша міндет атқарушы көмекшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Кеңсенің бас кенесшесінің міндет атқарушысы – азаматтарды қабылдау және құжаттамалық сектордың меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының кадр жұмыс басқармасының бас кенесшесі. 2001 жылдан - Қазақстан Республикасы Ел басшысы әкімшілігінің Мемлекет-құқықтық бөлімінің кенесшесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Қазақстан Республикасы Ел басшысы өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот аппаратының кадр жұмысы басқармасының бастығы, кадр жұмысы және мемлекет қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан – Арнайы аудан аралық экономика сотының Актобе облысы бойынша төрағасы. 2006 жылдың қараша айынан - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агентігі төрағасының орынбасары.